2012 жылғы 1 қараша, Астана қаласы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (63-шығарылым) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында бұйырамын:1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (63-шығарылым) бекітілсін.2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А. Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi С. Ә. Ахметовке жүктелсiн.4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр С. ӘБДЕНОВ.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 421-ө-м
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (63-шығарылым)
1-бөлім. Жалпы ережелер1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (63-шығарылымы) (бұдан әрі БТБА) «Қала, ауыл және елді мекендердегі газ шаруашылығы», «Су құбыры-кәріз шаруашылығы» бөлімдерінен тұрады. 2. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне бойынша белгіленді. 3. Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың сипаттамасын қамтиды. «Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған. 4. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.5. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс. 6. Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады. 7. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді. 8. Кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамалары жұмыстарды тарифтеу және меншік құқығы мен ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше ескертілген жағдайларды қоспағанда, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда қызметкерлерге разряд беру кезінде міндетті болып табылады.9. Қызметкердің еңбек кітапшасын толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.10. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш 1-қосымшада көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атаулары, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмір ленуі қарастырылған.11. «Қала, ауыл және елді мекендердегі газ шаруашылығы», «Су құбыры-кәріз шаруашылығы» бөлімдерінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымында көзделген атаулары тізбесі БТБА-ның (63-шығарылым) 2-қосымшасында және 1985 жылғы редакциясында берілген.
2-бөлім. Қала, ауыл және елді мекендердегі газ шаруашылығы1. Булау құрылғысының аппаратшысыПараграф 1. Булау құрылғысының аппаратшысы, 4-разряд 12. Жұмыс сипаттамасы: қазандықтар мен пештерді газбен жабдықтауға арналған жабдықтарға қызмет көрсету; жабдықтарды іске қосу және тоқтату; сұйық газдың булануына қажетті технологиялық режимді жабдыққа баптау; булағышқа қажет бу және сұйық газдың мөлшерін, араластырғыш құрылғысына газ және ауа жіберу; газ шығынын есептейтін есептегіштер мен үйлестіру-сору желдеткішін қосу және тоқтату; одоризациялық және кептіргіш құрылғыларды қосу және ажырату; булау құрылғысының, газ құбырлары арматурасы мен бу құбырларының және ауа құбырларының жабдықтарын жөндеуге қатысу; қысыммен істейтін ыдыстарды қайта куәландыруға дайындау; бақылау-есептеу жазбасын жүргізу. 13. Білуге тиіс: булағыштардың, газ реттейтін жабдықтардың және резервуарлық құрылғының құрылымы, жұмыс принципі мен қызметі; газ ауа инжекциялық араластырғыш агрегаттарының құрылымы мен қызметі; бақылау-өлшеу аспаптары мен арматуралардың құрылымы мен қолдану принципі, сұйық газды газ тәріздес қалыпқа айналдыру процесінің технологиясы мен газды ауаға араластыру нормасы; кептіру және одоризациялық құрылғы құрылымдары; зертханалық талдауға арналған газ ауа қоспасынан сынама алу аспаптары; қысыммен істейтін бу, ауа және газ ыдыстарын қайта куәландыру мерзімдері; бақылау-есептеу жазбаларын жүргізу ережесі.
2. Пеш шаруашылығы бақылаушысыПараграф 1. Пеш шаруашылығы бақылаушысы, 2-разряд14. Жұмыс сипаттамасы: қатты, сұйық және газ тәрізді отынмен жылытылатын пештер мен плиталардың мұржаларын уақытылы тазалануын бақылау. пештерді қатты отыннан газ тәрізді отынға ауыстыруға дайындығын тексеру; мұржа қақпақтарының шатырда дұрыс орналасуын тексеру және жел тірегішті орнату орнын белгілеу: мұржалар мен қақпақтарының жарамдылығын «Құбыр-пеш жұмыстары бойынша көрсеткіштерге» сәйкес айқындау; нұсқаулықтан ауытқу байқалғанда оларды жою. 15. Білуге тиіс: мұржалар мен желдеткіштерді тексеру және тазалау тәртібі; газ аспаптарынан жанатын заттарды бұратын мұржалардың құрылымы, газ отынға жабдықталған пештерге қойылатын талаптар. Параграф 2. Пеш шаруашылығы бақылаушысы, 3-разряд16. Жұмыс сипаттамасы: пеш жылытқышын отқа төзімді кірпішпен қалануын бақылау; мұржалар мен арнайы пештердегі күлді күйдіру; газ оттықтарын орнатуға қабылдау; басының биіктігін «Құбыр-пеш жұмыстары жөніндегі көрсеткіштер» мен «Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережесіне» сәйкестігін тексеру, саңылау тесіп шибердің орнатылуын тексеру; мұржа және пештердің техникалық жағдайы туралы белгіленген форма бойынша актісін жасау. 17. Білуге тиіс: пеш жұмыстарының түрлері мен оларды жүргізу ережесі, қолданылатын жылыту аспаптарының құрылымдары мен қатты отыннан газ тәрізді отында ауыстырылатын пеш, мұржа және желдеткіш арналарына қойылатын талаптар; қатты отыннан газ тәрізді отында ауыстырылатын пеш, мұржалардың техникалық жағдайына акті ресімдеу тәртібі. Параграф 3. Пеш шаруашылығы бақылаушысы, 4-разряд18. Жұмыс сипаттамасы: газ тәрізді отынға қайта жабдықталған барлық жүйедегі пештерді сызба бойынша және техникалық шарттар бойынша бақылау; мұржалардағы, желдеткіш арналардағы күрделі үйінділердің орнын белгілеу және оларды жою; пештен шығатын мұржаның, газбен жылытылатын су қыздыратын және шаруашылық-тұрмыстық аспаптардың ерекшеліктері мен тығыздығын айқындау; газ отынмен істейтін пештерді қайта жабдықтауда және пайдалануға қабылдауда техникалық құжаттаманы ресімдеу. 19. Білуге тиіс: түрлі жүйедегі пештердің құрылымы мен «Құбырпеш жұмыстары көрсеткіштері», «Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережесі», пеш жұмыстары өндірісінде өртке қарсы іс-шаралар;қажетті техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі мен жұмысты тапсыру.
3. Газ тарату станциясының машинисіПараграф 1. Газ тарату станциясының машинисі, 4-разряд20. Жұмыс сипаттамасы:сығымдалған газды айдау, қиыстыру-сору желдеткіші жөніндегі компрессорларға, сорғыларға қызмет көрсету; қызмет көрсетілетін