• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2020

«ҚазМұнайГаз»: Мұнай және газ тасымалдау нәтижесі белгілі болды

811 рет
көрсетілді

2020 жылғы бірінші тоқсанда ҚМГ-ның мұнай тасымалдау көлемі 5,8%-ға 18 517 мың тоннаға дейін азайды (ҚМГ үлесіне). Бұл туралы аталған компанияның жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.

Мұнай тасымалдау көлемі ҚМГ операциялық үлесіне әрбір жеке құбыр компаниясының тасымалдау көлемін ескереді. Мұнай көлемінің бір бөлігін екі немесе үш құбыр компаниясы тасымалдауы мүмкін және сәйкесінше бұл көлемдер мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық есепке алынады. Магистралды құбырлар арқылы мұнай тасымалдау көлемі 3,8%-ға азайып, 16 158 мың тоннаны (ҚМГ үлесіне) құрады. Осындай шамалы деңгейдегі төмендеу «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-дан мұнайды шектеулі жеткізуіне және мұнай құбырлары жүйесіне Құмкөл кен орындары тобының мұнай тапсыру көлемінің азаюына байланысты. Көлемнің азаюы Каспий Құбыр Консорциумының (КҚК) тасымалдау көлеміндегі ҚМГ үлесінің 4,7%-ға3 514 мың тоннаға өсуімен ішінара өтелді.2020 жылғы бірінші тоқсанда мұнайды теңізбен тасымалдау көлемінің 17,4%-ға 2 359 мыңтоннаға дейін төмендеуі Жерорта теңізіне және Ақтау-Махачкала бағыты бойынша жүк жөнелтушілер көлемінің азаюымен түсіндіріледі.

2020 жылғы бірінші тоқсанда ҚМГ магистралды газ құбырлары арқылы газ тасымалдаукөлемі 9,4%-ға 28 320 млн м³ дейін ұлғайды. Өсу негізінен түркмен газының тразинттік тасымалдауын іске асыруымен, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы «Газпром»ЖАО Ресей газы ағындарының артуымен және Өзбекстанға газдың транзиттік көлемдерінің ұлғаюымен байланысты.

2020 жылғы бірінші тоқсанда тауарлық газды сату көлемі 2019 жылғы бірінші тоқсандағы сату көлемімен салыстырғанда 7,8%-ға ұлғайып, 7 802 млн м³ құрады. Тауарлық газдың экспорты 2 565 млн м³ құрады. Оның 76%-ы 2018 жылдың қазан айында Қытайға табиғи газды 10 млрд м3 дейінгі көлемде жеткізу туралы қол қойылған келісімнің шеңберінде Қытай Халық Республикасының (ҚХР) аумағына экспортқа жіберілді. Пандемия салдарынан 2020жылғы бірінші тоқсанда ҚХР бағытында газ экспорты жоспарланған көлемнен төмен, бірақ өткен жылғы бірінші тоқсандағы жеткізу көлемінен 10%-ға жоғары болды.

 

Маңғыстау облысы