• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2020

Қостанайға «Теңізшевройлдың» 358 жұмысшысы келеді

140 рет
көрсетілді

29 сәуірде Қостанай қаласына «Теңізшевройл» кәсіпорнында вахталық әдіспен жұмыс істеген 358 адам келеді.

Олардың барлығы – Қостанай облысының тұрғындары. Облыс аумағына кірісімен азаматтар COVID-19 індетін анықтау мақсатында арнайы сауалдамадан, термометриядан өтетін болады.  Вахташылар одан соң облыс орталығындағы карантин стационарларына, уақытша оқшаулау орындарына орналастырылып, олардан COVID-19 вирусының бар-жоқтығын терең зерттеу үшін талдау алынады.

Облыстық ақпарат штабының мәліметінше, зерттеу нәтижелері теріс болған жағдайда, жұмысшыдан жазбаша қолхат алынып 14 күндік инкубациялық кезең аяқталғанға дейін  үй карантиніне жіберіледі.

Талдау қорытындысы оң нәтиже көрсеткен жұмысшылар инфекциялық бөлімге ауыстырылады.

 

Қостанай облысы