• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2013

Қызылордада Қазақ футболының 100 жылдығына арналған велошеру басталды

450 рет
көрсетілді

Бүгін, 18 қыркүйек күні Қызылорда қаласында Қазақ футболының 100 жылдығына арналған республикалық велошеру Қызылордадан басталды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Балдырған Мәмен хабарлады.

«Қызылорда қаласында «Сыр сүлейлері» алаңында Қазақстан футболының 100 жылдығына арналған республикалық велошеру басталды. Аталмыш шараға Астана қаласы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының велошабандоздары мен спорт ардагерлері қатысуда», - делінген хабарламада.  

Баспасөз хатшысы бұдан әрі осыған арналған салтанатты жиында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен футбол спорт ардагері Владимир Алейниковтің спортшыларға сәттілік тілеп, Қазақ футболының 100 жылдық мерейтойымен құттықтағанын айтады.            

Қызылорда қаласынан сөре тартқан велошеру Қарағанды облысы, Астана және Павлодар қалалары арқылы Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында 21 қыркүйекте жетеді. Велошеруге қатысушылар Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының естелік сыйлықтарымен марапатталады.

Қазіргі таңда Қызылорда қаласында Қазақстан футболының 100 жылдығына арналған бірнеше спорттық шаралар өтуде.

Айта кетейік, 9 қазан күні Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда Қазақстан құрамасы мен «Қайсар» құрамасы ардагерлері арасында жолдастық кездесумен қатар, жасөспірімдер футбол фестивалінің ақтық ойындары өтеді.

Дамир Қожамқұл.

Соңғы жаңалықтар