• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2020

BizBirgemiz: Қостанай облысында 10 мыңға жуық адамға материалдық көмек көрсетіледі

140 рет
көрсетілді

Қостанай облысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған  «BizBirgemiz! Nur Otan» республикалық акциясының екінші толқыны басталды. Шара аясында  аймақтағы тұрмысы төмен, көп балалы отбасылар, ерекше қажеттілікке мұқтаж адамдар, Отан соғысының ардагерлері мен жалғыз басты қарияларға материалдық көмек көрсетілмек.

Бұған дейін Қостанай және Рудный қалаларында тұратын тұрмыс жағдайы төмен 5681 адамның есепшотына Елбасы бастамасымен құрылған «Birgemiz» қорынан 50 мың теңгеден жәрдемақы аударылған болатын.  

27 сәуірде басталған игі шараның екінші толқыны аясында аймақта 9564 мұқтаж жанға көмек көрсетілді. Жергілікті әкімдіктер материалдық көмек алатын тұрғындардың тізімін жариялады. Тізімге аз қамтылған көп балалы отбасылар, ҰОС ардагерлері мен мүгедектері және оларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер, 1 топтағы мүмкіндігі шектеулілер, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, тұл жетімдер.

 

Қостанай облысы