• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2013

Үндістанда 4 мыңнан аса адам жоғалып кетті

251 рет
көрсетілді

Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында орын алған су тасқынынан кейін із-түссіз жоғалған 4 мыңнан астам адам, оның ішінде 92 шетел азаматы мен 462 бала әлі күнге дейін табылмаған. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, маусым айында Уттаракханд штатында орын алған су тасқыны салдарынан мыңнан аса адам қаза тапқан екен. Бірнеше апта бойы нөсерлеп жауған жаңбыр да апаттың орын алуына негіз болған. Ол кезде құтқарушылар жүз мыңдай адамды қауіпсіз жерге көшірген еді.

Айдар Өрісбаев.

 

Соңғы жаңалықтар