• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2013

Қызылордада күріштің қауызын кәдеге жаратты

331 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында озық технологияның көмегімен күріштің қауызынан кремний көміртегі қоспасы мен органикалық өнім алынды. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.

Әлемдік тәжірибеде алғаш рет күріштің қауызын еліміздегі «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталық мамандары кәдеге жаратып отыр. Негізі, күріштің қауызынан өндірілген кремний көміртегі қоспасы металл төзімділігін арттырып қана қоймайды, ол сондай-ақ күн сәулесінен қуат алатын құрылғылардың қалыпты жұмыс істеуіне тікелей әсер етеді. Дерек көзіне жүгінсек, дүниежүзінде жылына 200 млн. тонна күріш қауызы жиналады екен. Ал Сыр бойында 1 жылда орта есеппен 40-50 мың тоннадай жиналатын қауыз кәдеге жаратылмай келді...

Данияр Түймебай.

Соңғы жаңалықтар