Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынбақ
Еліміздің Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның 2017-2018 жылдары болатын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілетуге арналған қабылдау өткен еді. Бұл іс-шараға еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған осы ведомствоның басшылары, Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, Парламенттің қос палатасының депутаттары, еліміздің өзге де министрліктері мен ведомстволарының, шетелдік дипломатиялық корпустың, БАҚ өкілдері қатысқан.
Біз Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Е.Ә.ЫДЫРЫСОВТЫ аталған мәселеге байланысты әңгімеге тартқан едік.
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынбақ
Еліміздің Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның 2017-2018 жылдары болатын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілетуге арналған қабылдау өткен еді. Бұл іс-шараға еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған осы ведомствоның басшылары, Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, Парламенттің қос палатасының депутаттары, еліміздің өзге де министрліктері мен ведомстволарының, шетелдік дипломатиялық корпустың, БАҚ өкілдері қатысқан.
Біз Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Е.Ә.ЫДЫРЫСОВТЫ аталған мәселеге байланысты әңгімеге тартқан едік.
– Ерлан Әбілфайызұлы, Қазақстан 2017-2018 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болу үшін өз кандидатурасын ұсынбақ ниетте екені жария етіліп жатыр. Әңгімемізді еліміз үшін айтарлықтай маңызы бар осы қуанышты мәселеден бастасақ.
– Бұрнағы күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 68-ші сессиясы өзінің кезекті жұмысын бастады. Ал осы оқиға қарсаңында Қазақстанның, жаңа өзіңіз айтқандай, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болу үшін өз кандидатурасын ұсыну науқанын бастағаны рас. Бұған сайлау 2016 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-ші сессиясы барысында өтетін болады.
Өздеріңіз білетіндей, Қауіпсіздік Кеңесі – бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін өз мойнына үлкен жауапкершілік алған басты жаһандық орган. Осыған байланысты Кеңестің құрамы ол халықаралық қоғамдастықтың пікірін барынша толықтай көрсете алатын деңгейде қалыптастырылғаны өте маңызды. Қазақстанның ойға алғаны орындалған жағдайда алғаш рет Кеңес мүшесі атанып, Азия тобында әділетті географиялық бөліністің тепе-теңдігі қамтамасыз етілетін болады.
– 2017 жыл Қазақстан үшін айтулы жыл болғалы тұр екен. Өйткені, сол жылы еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданғанына тура 25 жыл толатыны белгілі...
– Әлден асығып, аптықпайық. Мүшелікке өту оңай шаруа емес, басқа да елдер таласатын болады. Бірақ, жас мемлекет бола тұра, Қазақстанның мүмкіндігі жоғары екенін тағы да жоққа шығармаған жөн. Қысқа мерзім ішінде Отанымыз заманауи, тұрақты, ырғақты дамыған мықты экономикасы және белсенді сыртқы саясаты бар мемлекетке айналды. Сондай-ақ, өзін сенімді халықаралық серіктес ретінде таныта білді.
Еліміз БҰҰ-мен қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау, экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын қорғау, терроризммен, ұйымдасқан қылмыспен және есірткі бизнесімен күрес салаларында тығыз ынтымақтасып келеді. БҰҰ-ға қабылданған кезден бері Қазақстан оның барлық басты шараларына белсене қатысып қана қоймай, Ұйым аясында өткізіліп жүрген ірі халықаралық форумдарды өзінде қабылдауда. Бұған дәлел ретінде БҰҰ-ның теңізге шығатын жолы жоқ елдер үшін 2003 жылдың тамызында Алматыда өткен жаһандық конференциясын, БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхиты аймағы Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) 2007 жылдың мамырында Алматыда өткен 63-ші сессиясын, алғашқы Медициналық-санитарлық көмек туралы Алматы декларациясына арналған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) 2008 жылдың қазанында Алматыда ұйымдастырылған конфер енциясын, Бүкіләлемдік туристік ұйымы Бас ассамблеясының 2009 жылдың қазанында Астанада өткен 18-ші отырысын және басқа да бірқатар шараларды келтіруге болады.
Бұйыртса, Қазақстан өз тарихында осылайша тағы бір жаңа дәуірге аяқ басқалы тұр. Және бұл ұмтылыс бәрінен бұрын Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімімен тығыз байланыстырылуы тиіс. Көшбасшының сарабдал саясаты, оның кез келген құбылыстың жақсы жағын көре білу қабілеті Қазақстанды егемендіктің елең-алаңындағы үлкен қиындықтардан тау-тасқа соқтырмай аман-есен алып шығып қана қоймай, көп уақыт өтпей-ақ «Назарбаев феномені» деп айтуға әбден лайықты табыстар биігіне көтерді.
Халық даналығы: «Болашақ біз оны қалай құрсақ, солай болады», дейді. Виктор Гюгоның ұлы дәуірге ұлы адамдар керек деген сөзі де бар. Сол айтпақшы, ұлы адамдар жоғары мақсаттар қойып, сол жолда барын сала тер төгеді. Қазақстан аз жылда Елбасының ерен еңбегінің арқасында әлемде беделі жоғары, үлкен құрметке ие мемлекетке айналды. Осының нәтижесінде болар, халықаралық деңгейдегі бастамалары да аяқсыз қалып отырған жоқ. ЭКСПО-2017-дегі жеңісімізді де тікелей Елбасының атымен байланыстыруға тиіспіз.
– Әлемдік аренада жаңа ойыншы бола тұра Қазақстанның әлемдік қоғамдастықпен түрлі өңірлік және халықаралық пішіндерде жаһандық күн тәртібінің барлық көкейкесті проблемалары бойынша тығыз ынтымақтасып келе жатқаны мәлім. Бұл орайда еліміздің Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) шақыруға бастамашылық танытқанын зор мақтанышпен айтуға болады ғой.
– Әрине. Өткен 20 жыл ішінде АӨСШК қауіпсіздік мәселелері бойынша Азиядағы ең ірі тұғырнамаға айналды. Бірақ бұл бастама оңайшылықпен жүзеге асқан жоқ. Ол Қазақстан Президенті тарапынан 1992 жылы бастама ретінде көтерілсе, оны жүзеге асыруға он жыл уақыт жұмсалды.
– Еліміздің әлемге ядролық қатерді қысқарту мен ядролық қаруды таратпау үдерістерінің берік, жақтаушысы ретінде танылып отырғаны белгілі. Ядролық қару қатері әлемді әлі де болса алаңдатып отырған қазіргі шақта Қазақстан ұстанымының өзгелерге үлгі болатын тұстары да көп және де кандидатура таңдауда қосымша ұпай әпереді деп ой түйсек те артық кетпейтініміз анық. Бұған не дер едіңіз?
– Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық қарусыздану үдерісіне алғаш болып үлкен үлес қосқаны баршаға аян. 1991 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен әлемдегі аса ірі сынақ полигондарының бірі мәңгіге жабылды. Кейін еліміз өзінің әлеуеті жөнінен әлемдегі төртінші ядролық арсеналынан толықтай бас тартты. Осылайша Отанымыз БҰҰ-ның бітімгершілік әлеуетін нығайту жөніндегі міндеттемелерін нақпа-нақ орындап келеді. Мәселен, Қазақстанның «Қазбат» бітімгершілік батальоны Ирактағы миналарды жою жөніндегі операцияларға қатысты. Еліміз БҰҰ-ның осындай операциялар жүргізу жөніндегі күш-жігерін қаржылай қолдап қана қоймай, оларға өзінің әскери бақылаушыларын жіберу арқылы тікелей атсалысуда.
Біз бітімгершілік операцияларына өсе түсіп отырған қажеттіліктерге орай БҰҰ-ның әлеуетін күшейтуге де үлес қосып келеміз. Бас Ұйыммен әріптестік байланыстарды дамытып, өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге өңірлік ұйымдар – ЕҚЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ да аса мүдделі.
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Контртеррорлық комитеті аясында есірткінің заңсыз айналымы, терроризм, жемқорлық және трансұлттық ұйымдасқан қылмыс бағыттарындағы қоян-қолтық жұмысы да атап айтуға тұрарлық.
– Еліміздің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуі Қазақстанды әлемдік қоғамдастықтың тұрақты және жауапкершілікті мүшесі ретінде кең көлемде танығандығының тағы бір айқын айғағы болды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға бола отырып, әлемдегі ең ірі өңірлік Ұйым аясында әскери-саяси, экономикалық, экологиялық және гуманитарлық мәселелерді шешуде баға жеткізгісіз тәжірибе жинақтағаны да дау туғызбайды. Мұның халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға деген сенім ауқымын кеңейткені де сөзсіз ғой.
– Әлбетте. Еліміз, сонымен қатар, 2011 жылдың маусымынан 2012 жылдың қарашасы аралығында басты халықаралық ислам форумы – Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) төрағалық жасады. Біз ИЫҰ-ға ислам әлемінде, әсіресе, Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдерінде үлкен тағдыршешті қайта құрулар жүрген кезеңде төрағалық еттік. Ұйымға төраға ретінде Қазақстан Таяу Шығыс елдеріндегі тұрақтандыру үдерістеріне, Шығыс