• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Қыркүйек, 2013

Жас отбасылар байқауы

646 рет
көрсетілді

Ғазиза Жұбанова атындағы об­лыс­тық филармонияда об­­лыстық жастар саяса­ты мә­се­ле­ле­рі басқармасы мен облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі комиссияның ұйым­дастыруымен жас отба­сы­лардың «Жас отау – 2013» об­лыстық бай­қауы өтті.

Ғазиза Жұбанова атындағы об­лыс­тық филармонияда об­­лыстық жастар саяса­ты мә­се­ле­ле­рі басқармасы мен облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі комиссияның ұйым­дастыруымен жас отба­сы­лардың «Жас отау – 2013» об­лыстық бай­қауы өтті. Байқаудың мақ­саты – отбасы беделін көтеру, ба­ла­лардың құқықтарын қорғау, неке және отбасы құндылығын насихаттау болып табылады. Оған қала және аудандардан жас отбасылар қатысты. Қазіргі таңда облыс бойынша 4726 жас отбасы бар. Оларға тиісті әлеуметтік қолдау жасалуда. Бұған нақты мысал, үстіміздегі жылы 216 отбасына «Нұр Ақтөбе» шағын ауданынан баспана бөлінгелі отыр.

Байқаудың алғашқы кезеңінде жас отбасылары өздерін таныс­тырса, екі кезеңінде өнер сайысына түсті. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» дегендей, бірінші орынды ойылдық Махметовтер, екінші орынды Шалқар ауданынан келген Махмұтовтар, үшінші орынды хромтаулық Бірім­жановтар иеленді. Мәртөк ауданынан келген Ұзақбаевтар және Қобда ауданынан келген Қабыловтар отбасы арнайы номинациялар бойынша жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар