• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Коронавирус 30 Сәуір, 2020

Атырау: Теңіз кенішінің 71 жұмысшысы коронавирусқа шалдықты

452 рет
көрсетілді

Жылыой ауданындағы Теңіз кеніші қауіпті індеттің ошағына айналып бара жатыр. Қазір мұнда коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған​ 1,5 мыңнан астам жұмысшы анықталды.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, бұлардың бәрі – науқаспен жақын қарым-қатынаста болғандар мен  байланыс жасағандар. Осы кеніште індетке шалдыққан алғашқы жұмысшы анықталған соң, 16 сәуірде  Теңіз кенішінен шұғыл емес персоналдарды шығару басталған еді. Кеніштен 17 000-нан астам жұмысшыны шығару жоспарланып отыр.​

– Олардың арасында Атырау облысының 6 000-нан астам тұрғыны,​ Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан 2 000-нан астам,​ ал, Маңғыстау облысының 600-ден аса тұрғыны бар. Қалған қызметкерлер Қазақстанның өзге де өңірлерінен келген мамандар, - деп хабарлады жедел штаб.

​Қазір кен орынан  10 мыңнан астам жұмысшы шығарылды. Оның ішінде​ 4 мыңға жуық​ жұмысшы әуе жолымен,​ 3 мыңға жуығы  темір жол қатынасымен,​ 3 мыңнан астамы  автобус көлігімен тасымалданды. Өзге жұмысшыларды шығару ​ 5 мамырда аяқталады​ деп күтілуде.

​Осы кезге дейін Теңіз кенішіндегі жұмысшылар арасында қауіпті індетті жұқтырғандар саны 71 адамға жетіп отыр. Олардың он екісі жазылып шықты.​ Науқастармен  байланыста болған​ 1,5 мыңнан астам жұмысшы анықталды. Оның ішінде 847 адам жақын қарым-қатынаста болса,​ 718 адам байланыс жасаған екен.