• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Сәуір, 2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанға алғыс білдірді

636 рет
көрсетілді

ДДСҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы ТЖ жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райан Орталық Азия өңірінде көрсетіліп жатқан гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс айтты.

«Мен қалыпты әлеуметтік-экономикалық өмірге қайта оралу мақсатында қазіргі жағдайды бақылау үшін инновациялық стратегияларды келісу бойынша өңірлік үйлестіру, карантиннен шығу жолдарын пысықтау аса маңызды екеніне сенімдімін», — деді Майкл Райан Женевадағы ДДСҰ штаб-пәтерінде өткен брифингте.Бүгін Швейцария астанасында COVID-19-дың таратылуына байланысты ахуалды бағалау және пандемияның кесірінен орын алған дағдарыстан шығу және оны еңсеру бойынша жаңа ұсыныстар әзірлеу жөнінде ДДСҰ төтенше комитетінің кезекті отырысы өтеді.