• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан: COVID-19 Семейде үш адамнан анықталды

992 рет
көрсетілді

Ішінде 2017 жылы туған бала бар.

Семей қаласында COVID-19-дың жаңа 3 жағдайы тіркелді. Бұл адамдарда коронавирус фактісі 28 сәуір күні анықталыпты. «Үшеуі де 1952 жылғы әйелмен үй ошағы бойынша жақын байланыста болғандар. Ішінде 2017 жылы туған бала бар. Қалған екі науқас - 1988 жылғы әйел және 1989 жылы туған ер адам. Қазіргі уақытта олар инфекциялық стационарға оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. Жағдайлары орташа дәрежедегі ауырлықта. Байланыста болған азаматтарды анықтау және оқшаулау бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Эпиданамнез бойынша облыстан тыс жерлерге, басқа елдерге шықпаған. Қазіргі таңда облыс бойынша коронавирустың 20 расталған жағдайы тіркелген, оның үшеуі сырттан әкелінген» деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

СЕМЕЙ