• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Қыркүйек, 2013

Әскери ықпалдастық әлеуеті кең

350 рет
көрсетілді

 

Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің Пәкстан Ислам Республикасы Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал Ашфак Каянимен кездесуі өтті.

– Пәкстан Оңтүстік Азия ай­ма­ғындағы Қазақстанның не­гізгі серіктестерінің бірі болып табылады және біздің ел де келешекте екіжақты қарым-қаты­­настың нығая түсуіне мүд­делі.

Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің Пәкстан Ислам Республикасы Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал Ашфак Каянимен кездесуі өтті.

– Пәкстан Оңтүстік Азия ай­ма­ғындағы Қазақстанның не­гізгі серіктестерінің бірі болып табылады және біздің ел де келешекте екіжақты қарым-қаты­­настың нығая түсуіне мүд­делі.Қазақстан Президенті – Қа­зақ­стан Қарулы Күштерінің Жо­ғарғы Бас қолбасшысы Нұр­сұлтан Назарбаев біздің мем­ле­кеттеріміздің арасындағы байла­ныстар достық пен өзара түсі­ніс­тікке, ынтымақтастыққа негіз­­­делгендігіне әрқашан се­нім білдіреді. Екі ел Қарулы күш­те­рі­нің арасындағы тәжірибе алмасу әскери ынтымақтастықтағы басым бағыттардың бірі, – деп атап өтті Қазақстан қорғаныс ведом­ствосының басшысы А.Каянимен екіжақты кездесу кезінде.

Өз кезегінде генерал А.Каяни Пәкстан армиясының террористік қауіп-қатерге қарсы мол тәжі­ри­бесі жинақтағанын, бүгінде Пәкстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясында ірі әскери кон­тингенті барлығын және осы бағытта өзінің тәжірибесімен бөлісуге даяр екендігін айтты.

Тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелерін және 2014 жылы АҚШ пен НАТО әскерлерін шы­ғарғаннан кейінгі Ауғанстандағы жағдай барысын талқылады.

– Қазақстан Ауғанстандағы қарсы жақтардың ымыраласуына және екіжақты байланыстардың бейбіт жолмен дамуына мүдделі. Біз Пәкстанды ауған мәселесін реттеуге қатысушылардың бірі ретінде қарастырамыз, – деп атап өтті Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшысы.

Ә.Жақсыбеков А.Каяниді Қазақстан қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің даму барысымен таныстырды және пәкстандық компанияларды халықаралық қару-жарақ, әскери техника және әскери техникалық мүлік «KADEX-2014» көрмесіне қа­тысуға шақырды. Өз кезегін­­­де ге­нерал қазақстандық қор­ға­­ныс-өнеркәсіптік кешен­нің кә­­сіпорындарымен ынты­­мақ­­тас­­тыққа қызығушылық танытты.

Кездесу соңында Ә.Жақ­сы­беков Қазақстан-Пәкстан әскери ынтымақтастығы ұзақ мерзімді перспективаға ие болатынына және айтарлықтай дәрежеде екі елдің қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар