Халықаралық құтқару комитеті (IRC) сарапшыларының бағалауы бойынша, әлемдегі коронавирусты жұқтыру жағдайларының саны бір миллиард адамға жетуі мүмкін.
Гуманитарлық көмек мәселелерімен айналысатын комитеттің есебінде кедей елдердің денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жағдайы пандемияға қарсы тұруға мүмкіндік бермей отыр. Құжатта қалыптасқан жағдай - бұл тек қарулы қақтығыстардан және тұрақсыз экономикалық жағдайдан зардап шеккен елдердің ғана емес, бүкіл әлемді толғандырады.
IRC атқарушы директоры Дэвид Милибэндтің айтуынша, егер қажет ететін аймақтарға дереу көмек көрсетпесе, таяу аптада Ауғанстан, Сирияны және Йеменді қоса алғанда, тек 34 елде ғана коронавирустан 3,2 миллион адам көз жұмады. Сонымен қатар, бұл таяу болашақта әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 500 миллионнан миллиард адамға дейін өсуі мүмкін. Сарапшылардың болжамдары Лондон Империялық колледжі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) дайындаған мәліметтердің эпидемиологиялық моделіне негізделген. Бұл модель әртүрлі елдердегі жас құрылымын, әлеуметтік байланыстар моделін, сондай-ақ Қытайда ерте өршуден болатын өлім-жітім көрсеткіштерін қоса алғанда, көптеген факторларды ескере отырып жасалған.
IRC директоры пандемиямен күресте дәл қазір бүкіл әлемнің күш-жігерді біріктіруі, қаржылай қолдау көрсетуі және мұқтаж елдердің ондығына гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыру қажеттігін атап өтті.