• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Сәуір, 2020

Әлемде жұмыссыздар саны 300 миллионнан асады

137 рет
көрсетілді

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, бұл әлемдік жұмыс күшінің жартысына жуығы. ХЕҰ-ның жаңа деректері бойынша, шілде айына дейін толық күн жұмыс істейтін 305 млн жұмыс орны жабылады.

Бүгінгі таңда 436 миллионнан астам кәсіпорын жоғары тәуекелімен бетпе-бет келуде. Бұл кәсіпорындар көтерме және бөлшек саудада, өңдеу өнеркәсібінде, тұрғын үй құрылысы және қоғамдық тамақтану саласында, жылжымайтын мүлік және басқа да экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларында  жұмыс істейді.

ХЕҰ экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін қызметкерлер мен кәсіпорындарды, әсіресе шағын, сондай-ақ халықтың басқа да осал топтарын қолдау жөнінде шұғыл, мақсатты және икемді шаралар қабылдауға шақырады.

ХЕҰ мәлімдемесі жаңа коронавирустың пандемиясы кезіндегі әлем назарын тағы бір мәрте аударуға бағытталған. Бұған дейін ұйым мәліметтері пандемияның әлемдік жұмыс күшінің 81 пайызына немесе 3,3 млрд адамға әсер еткенін хабарлаған болатын.