• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 30 Сәуір, 2020

Ксеll абоненттерінің саны 8 миллионнан азайған

110 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Ксеll абоненттік базасы 283 мың пайдаланушыға қысқарды. 2019 жылдың басында Kcell абоненттерінің саны 10 миллион болған.

KASE сайтында жарияланған компанияның есебінде компанияның 7,992 млн абоненті бар екендігі айтылады. Есепте абоненттік базаның қысқаруы сапалы клиенттерді тарту және көлемге негізделген дистрибуциядан алшақтау стратегиясының әсері. «ARPU көрсеткіші  18,9 пайызға өскен. Бұл абоненттік қызмет сапасының жақсаруына ықпал етіп, олардың көпшілігі кеңейтілген контент ұсыныстарын қабылдауда»,  - деп атап өтті Басқарма төрағасы, Ксеll бас атқарушы директоры Каспарс Кукелис.

Компанияның таза сату көлемі 13,9 пайызға артып, 40,062 млрд теңгені құраса, қызметтерді сатудан түскен табыс 9,4 пайызға өсіп, 34,6 млрд теңгеге артқан.

«Қазақстанның ірі қалаларында енгізілген карантин біздің қызметіміздің деңгейі мен ауқымына айтарлықтай әсер етті. Алайда жағдай әлі де дамып келе жатқанын ескере отырып, пандемияның Kcell қызметіне әсерін болжау мүмкін емес. Жылдың бірінші тоқсанында жиналған даму қарқынын сақтап қалғанымызға қарамастан, ағымдағы жылдың қалған кезеңіндегі нәтижелер белгісіз», – деп атап өтті Каспарс Кукелис.