Қазақ футболының 100 жылдығына арналған республикалық велошеру Қызылордадан басталды.
Сыр бойындағы бас шаһарда осы оқиғаға байланысты өткізілген салтанатты жиында Нұрлыбек Нәлібаев пен футбол спорт ардагері Владимир Алейников спортшыларға сәттілік тілеп, еліміз футболы мерекесімен жиналғандарды құттықтады.
Қазақ футболының 100 жылдығына арналған республикалық велошеру Қызылордадан басталды.
Сыр бойындағы бас шаһарда осы оқиғаға байланысты өткізілген салтанатты жиында Нұрлыбек Нәлібаев пен футбол спорт ардагері Владимир Алейников спортшыларға сәттілік тілеп, еліміз футболы мерекесімен жиналғандарды құттықтады.Ал аталмыш шараға Астана қаласы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының велошабандоздары мен спорт ардагерлері қатысады.
Сыр бойынан Семейді бетке ұстап шыққан шеру Қарағанды облысын көктей өтіп, Астана және Павлодар қалалары арқылы Шығыс Қазақстан облысының аумағына кіреді. Велошабандоздар Семей қаласына 21 қыркүйек күні жетеді. Соңынан шерушілер Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының естелік сыйлықтарымен марапатталады.
Қазіргі таңда Қызылорда қаласында Қазақстан футболының 100 жылдығына арналған бірнеше спорттық шаралар өтуде. Айта кетейік, 9 қазан күні Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда Қазақстан құрамасы мен «Қайсар» құрамасы ардагерлері арасында жолдастық кездесумен қатар, жасөспірімдер футбол фестивалінің ақтық ойындары өтеді.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.