Қостанай облысы жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Жеңіс Бисембаевтың айтуынша, аймақта карантин режімі жарияланғалы отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық өрши түскен. Сондықтан полиция соңғы екі апта ішінде отбасылық жанжалдың алдын алу мақсатында арнайы рейдтерді жиілеткен. Әсіресе, полиция есебінде тіркеуде тұрғандар мен тұрмысы төмен отбасыларға бақылау күшті.
- 17-24 сәуір аралығында облыс бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 127 құқық бұзушылық тіркелді. Өкінішке қарай, әйелдер көп зардап шегіп жатыр. Негізгі себеп - ішімдік. Әр факті бойынша жеке тергеу-тексеру жұмысы жүргізілуде, - деді полиция подполковнигі.
Мәселен, күні кеше ғана Қостанай қаласының 48 жастағы тұрғыны өз отбасына қиянат көрсеткені үшін жауапкершілікке тартылды. Онлайн-режімде өткен сот отырысында өз отбасының шырқын берекесін алып, шырқын қашырған бұзақыны екі тәулікке қамауға алу туралы шешім қабылданды. Отбасылық жанжалға ішімдік себеп болған.
Жалпы жыл басынан бері облыста 1109 отбасылық-тұрмыстық құқық бұзу оқиғасы тіркелген.
Қостанай облысы