• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Сәуір, 2020

«ҚазМұнайГазда» 200-ден астам қызметкер қысқартылады

217 рет
көрсетілді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің отырысында жаңа ұйымдық құрылымды бекіту туралы шешім қабылданды. Шешім компанияның қаржы жағдайын тұрақтандыру және нарықтық факторлардың жағымсыз ықпалын азайтуға бағытталған іс-шаралардың аясында қабылданды.

Компания мәліметтері бойынша, Орталық аппарат ұйымдық құрылымының жаңа жобасы бойынша геология, барлау және өндіріс бөліктерін біріктіру. Сәйкесінше, Басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасарының қызметі қысқартылды; басқару деңгейлерін азайту. Нәтижесінде 22 басқарушы директордың лауазымдары жойылады; департаменттердің санын үш есе азайту көзделіп отыр.

«Корпоративтік орталықтың құрылымы шағын әрі жедел қимылдауға және бизнес үшін дағдарыс салдарын аз шығынмен еңсеру үшін тиімді шешімдер қабылдай алатындай болуы тиіс. Дағдарысқа қарсы стратегияны жүзеге асыруға баса назар аудару мақсатымен көптеген қызмет түрлерінен бас тартамыз және еншілес компаниялармен ықпалдастықтың тетіктерін қайта қарастыратын боламыз», – деді компанияның Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

Компанияда бизнес-процестер оңтайландырылып, дағдарысқа байланысты өзектілігін жоғалтқан көптеген жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жоспарлар қайта қарастырылуда. Нәтижесінде орталық аппараттағы қызметкерлердің штаттық санын 34 пайызға – 729-дан 480 адамға дейін азайту туралы шешім қабылданды.

Компания басшылығы жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелерінің алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін терең ұғына отырып, босатылған қызметкерлерге барынша қолдау көрсетуге ниетті. Босатылған қызметкерлердің таңдауы бойынша қолдаудың бірнеше түрі көрсетілмек. Атап айтқанда, біржолғы жәрдемақы төлеу немесе басқа жұмысқа тұру үшін рекрутингтік ұйымдардың қызметін ұсыну немесе компания  есебінен қайта оқу. Әлеуметтік жауапкершілікке негізделген босату шаралары «Самұрық-Қазына» Қорының тапсырмасын орындау аясында дайындалды.