• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Сәуір, 2020

42 500 теңге: Екінші айдың әлеуметтік төлемі қашан беріледі

4749 рет
көрсетілді

Үкімет келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде көмек береді. Бұл туралы Мемлекет басшысының коронавирусқа байланысты жариялаған мәлімдемесінде айтылған.

Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтар екінші рет 42 500 теңгені қашан алатынын айтты.

«Төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан екінші төлем бірінші төлемді алған күннен бір ай өткен соң түседі» делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Айта кету керек, төлем алуға екінші рет өтінім беріп, құжат тапсырудың қажеті жоқ. Наурызда көмек ақша алған азаматтардың шотына 42 500 теңге төлем келесі айда автоматты түрде аударылады.