• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Сәуір, 2020

Коронавирус тестін кімдер тегін тапсырады

243 рет
көрсетілді

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

«Алдын ала тексеру жұмыстарына сәйкес тізімге енген азаматтар, яғни індетті жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болғандардың бәрі тегін өтеді. Одан бөлек алдын алу жұмыстары бойынша ПТР тесттерден медициналық қызметкерлерді өткіземіз. Блок-постта қызметте тұрғандарды, мемлекеттік-әлеуметтік ұйымдардағы азаматтарды да тестпен тексереміз. Қазір біз елордада №2 емхананы бөліп қойдық. Яғни ЖРВИ инфекциясын жұқтырған азаматтар да сол жерге тегін түрде өтеді. Бүгінгі күні №6 және №9 емханада провизорлық бөлімшелерді ашып қойдық. Бұл клиникаға жатқызылар алдында науқастар сол жерде міндетті түрде тесттен өтеді. Сонымен қатар жүкті әйелдерде 37-ші аптада ПТР тесттерден өткіземіз»,-деді басқарма басшысы.