• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Қыркүйек, 2013

Мысыр қауіпсіздік күштері арнайы операция жүргізді

340 рет
көрсетілді

Мысырдың қауіпсіздік күштері Каир маңында арнайы операция жүргізді. Бұл туралы «Рейтер» агенттігіне сілтеме жасаған РИА «Новости» хабарлады.

Тәртіп сақшыларының жүргізген іс-шарасы 11 құқық қорғаушының өліміне әкеліп соққан полиция учаскесінің қасақана өртенуі бойынша күдіктілерді қолға түсіруге бағытталған болатын. Арнайы операция Каир маңындағы Кирдаса округінде жүргізілді. Мухаммед Мурсидің қызметінен шеттетілуінен кейін Мысыр билігі бұл округті өз бақылауынан тыс қалдырған болатын. Себебі, сол уақыттан бері жергілікті тұрғындар өз аудандарына тәртіп сақшыларын кіргізбей қойған.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар