• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Қыркүйек, 2013

Ақмола облысында көбелектің 3 мың түрі бар

327 рет
көрсетілді

Ақмола облысы Зеренді ауданының тұрғыны Ортвин Шлоссер 45 жылдан бері көбелектің әр түрін жинап келеді. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Оның жеке мұражайында сирек кездесетін көбелектің 3 мың түрі бар екен. ТМД бойынша мұндай мұражай әзірге жоқтың қасы. Көбелек жинауды дағдысына айналдырған азаматтың негізгі мамандығы – хореограф. Ұзақ жылдар бойы «Молодость» бишілер ансамбліне жетекшілік жасаған. «Мен көбелектің сан түрін жинау үшін Орта Азия мен Еуропаның коллекционерлерімен таныстым. Тіпті Жаңа Гвинея аралынан бір ерекше көбелек алып келдім», - дейді ол.

Ортвин Шлоссердің еңбегі зая кетпеген секілді. Оқушылар оның жеке мұражайында болып, әр мемлекеттен әкелінген көбелектің сан түрімен танысуда.

Данияр Түймебай.

Соңғы жаңалықтар