Қостанай қаласының өңірлік жедел штабы 1 мамырдан бастап қала маңындағы саяжайларға автобус шығара бастау туралы шешімге келді.
Қоғамдық көліктер тұрғындарды саяжайға апару үшін таңертең сағат 6 жарымда бір рет, қайта алып келу үшін кешкі сағат 18.00-де бір рет жүреді. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі саяжайларға күнделікті қатынайтын келесі бағыттағы автобустар тізімін жариялады: №42 №104, №108, №113, №113А, №113Б, №114. Сондай-ақ қала маңына қатынайтын немесе саяжайлар арқылы өтетін №5, №7, №8, №24 и №101 автобустар да жүре бастайды.
Саябаққа баратын бағбандар тосқауыл бекеттерінен кедергісіз өтеді.
АВТОБУСТАРДЫҢ ЖҮРУ КЕСТЕСІ
№ р/н
маршрут №
Қозғалатын орны (таңертең)
Шығатын уақыты (таңертең)
Қозғалатын орны (кешке)
Шығатын уақыты(кешке)
Ескерту
1
5
Әуежай
07:00
«Тоқымашы-1» СҚ
18:00
2
7
«Тоқымашы-2» СҚ
«Бағбан» СҚ
07:00
07:00
«Тоқымашы-2» СҚ
«Бағбан» СҚ
18:00
3
8
«Геолог» СҚ
Костанай-2
07:00
07:00
«Геолог» СҚ
Қостанай-2
18:00
4
24
ТЖ вокзалы
07:00
«Облыстық балалар ауруханасы»
18:00
5
42
Рабочий к. аялд
07:00
«Теміржолшы» СҚ
18:00
Күн сайын, карантин кезінде ғана
6
101
ТЖ вокзалы
07:00
«Водник» СҚ
18:00
7
104
ТЖ вокзалы
07:00
«Мелиоратор»СҚ
18:00
8
108
Драма театры
25-дүкен
06:30
07:00
Жүйке ауруханасы
18:00
Ұзын автобус
9
113
«Мирас» МҮ
«Мирас» МҮ
07:00
07:30
«Пригородное» СҚ
18:00
Ұзын автобус
10
113А
ТЖ вокзалы
07:00
«Пригородное» СҚ
18:00
11
113Б
Жылыжай
Астықжан
07:00
07:00
«Пригородное»СҚ
«Геолог» СҚ
18:00
12
114
«Радуга» дүкені
25-дүкен
07:00
07:30
«Колос» СҚ
18:00
Қостанай облысы