• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Сәуір, 2020

Шымкент: ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 8 мыңнан астам адам дайын құжаттарырын алған

211 рет
көрсетілді

Шымкенттіктер карантин басталғалы бері ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 8 мыңнан астам дайын құжатын алып кеткен. Бұл құжаттардың басым бөлігі карантин барысында онлайн рәсімделген.

Естеріңізге салайық, 26 наурыздан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылған болатын. Төтенше жағдай кезеңінде ХҚО және мамандандырылған ХҚО электрондық үкімет порталы - egov.kz арқылы ресімделген дайын құжаттарды беруге ғана жұмыс істейді.   Бірыңғай терезеде берілген құжаттардың дені – АХАТ құжаттары, жүргізуші куәліктері, көліктің техникалық паспорты мен тіркеу нөмірлері, жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің құжаттары, сондай-ақ жеке куәлік пен паспорт.   Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы. Шымкент қаласы бойынша, Мәделі Қожа көшесі 1Г, мекенжайында орналасқан №1 ХҚО-нан дайын құжаттарды алуға болады. Ал, автокөлік иелері дайын құжат бойынша Достық м.а. орналасқан мамандандырылған ХҚО-на жүгіне алады.   Еске сала кетейік, қазақстандықтар мемлекеттік қызметті электрондық форматта ала алады. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 87% электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ, кейбір қызметтер мен сервистерді ЕgovМоbile мобильдік қосымшасы, eGovKzBot2.0 телеграмм-ботынан және Facebook, Vk әлеуметтік желілеріндегі egov чат-боттарынан алуға болады.   Шымкент