Бүгін «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы мен «ВАН» серіктестігі тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсетуде өзара ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойды.
Кәсіпорын Елбасы бастамасымен қолға алынған «Biz Birgemiz» акциясы шеңберінде тұрмысы төмен 50 отбасына жалпы құны 1 млн теңге болатын азық-түлік себеттерін, қорғаныш және антисептик құралдарын жеткізіп беруді өз мойнына алып отыр.
- Қазақстан – жүз сан ұлтқа мекен болған ортақ үйіміз, қасиетті отанымыз. Бүгінгідей қысталаң шақта біз біраз мұқтаж жандарға қол ұшын созып, зайырлы мемлекет, көпұлтты ел екенімізді көрсетуіміз керек. Біз бірлік пен ынтымақ арқылы ғана қиындықты еңсеріп, ізгілікке, қайырымды да бақуатты қоғамға қол жеткізе аламыз, - деді «ВАН» серіктестігінің басшысы Артур Абрамян.
Қостанай облысы