• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Қыркүйек, 2013

Футбол. ПАОК жаттықтырушысы бүгінгі құрамын атады

280 рет
көрсетілді

Грекияның ПАОК командасының бас жаттықтырушысы Хуб Стевенс бүгін түнде Еуропа лигасының топтық турнирі бойынша ойналатын Қарағандының «Шахтерімен» ойынға шығатын құрамын атады. Бұ туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады.

Оның атаған тізіміндегі 18 ойыншының аты-жөндері мынадай: Хакобо, Гликос, Лино, Цавелас, Кициу, Витор, Кацуранис, Кацикас, Тзиолис, Лазар, Нинис, Олисе, Лукас, Стох, Вукич, Нецид, Атанасиадис, Салпингидис.

Еске сала кетейік, бұл матч бүгін түнде Астана уақытымен 01 сағат 05 минутта Салоникидегі «Тумба» стадионында басталады. Ол КТК телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұл кездесуге «Шахтер» жаңа формамен шығады. Олар ақ жейде, ақ труси мен герты киеді. Тек қақпашының ғана киімі көгілдір түсті болады.

Дамир Қожамқұл.

Соңғы жаңалықтар