• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Қыркүйек, 2013

Футбол. «Шахтер» де құрамын жариялады

321 рет
көрсетілді

Енді бір сағаттан кейін гректің Салоники қаласында Қарағандының «Шахтер» футбол клубы Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі бірінші ойынын жергілікті ПАОК командасына қарсы бастайды. Кеншілер командасының бас жаттықтырушысы да алаңға шығатын ойыншыларын атады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады.

Матч Астана уақытымен 01:05 сағатта басталады. ПАОК кездесудің старттық құрамын былайша белгілеп отыр: Хакобо, Цавеллас, Мигель Виктор, Циолис, Стох, Лазэр, Кацуранис, Кициу, Нинис, Лукас, Атанасиадис.

Ал «Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков мына құрамды ұсынды: Мокин, Порываев, Тарасов, Джидич, Малый, Симчевич, Вичюс, Казарян, Каньяс, Финонченко, Хижниченко.

Қазақстандық байырғы жанкүйерлерге Салоники қаласының аты жақсы таныс шығар деп ойлаймыз. Бұл қалада 1977 жылы КСРО құрамасы Грекия командасымен әлем чемпионатының іріктеу матчына шыққанда, оның құрамында «Қайраттың» орталық қорғаушысы Сейілда Байшақов та болып еді. Енді бір күннен кейін Семей қаласында Қазақстан футболының 100 жылдығы аталып өткелі тұрғанда, бұл дерекке де назар аудара кеткеннің артықтығы болмас.

Дамир Қожамқұл.

Соңғы жаңалықтар