• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Қыркүйек, 2013

Күрес. Әлем чемпионаты: Е.Ларионова – қола жүлдегер!

296 рет
көрсетілді

Қазақстандық палуан Екатерина Ларионова Венгрияның астанасы – Будапешт қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы спорттық күрестен әлем чемпионатында қола медальді қоржынға салды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады.

Біріншілікте 63 килоға дейінгі салмақта боз кілемге шыққан Катя үшінші орын үшін таласты Колумбияның өкілі Жаклин Кастиолломен өткізді. Мұнда біздің қыз 5:0 есебімен жеңіске жетіп, үштіктің құрамынан табылды.

Бұл салмақта чемпиондық атаққа жапонКаори Ите ие болды. Ол ақтық айқаста моңғол Баттсетсег Соронзонболдты 7:0 етіп ұтты.

Осылайша қыздарымыз мұның алдында ғана жігіттеріміз ала алмаған жүлдеге қол жеткізді.

Дамир Қожамқұл.

Соңғы жаңалықтар