Қазақстан футболы-100
Үстіміздегі жылы қазақ футболының ірге көтергеніне артық-кемі жоқ тура 100 жыл толып отыр. Бұл оқиға ертең, 21 қыркүйек күні республика футболының іргесі қаланған мекен – Семей қаласында атап өтіледі.
Бүгінде Жер шарында теңдесі жоқ саналатын осынау ғаламат ойынның Қазақстан топырағындағы ғасырлық ғұмырында да еске алып, жадыны жаңғыртатын жайлары аз емес. Мен өз басым футбол деген сиқырлы ойынның қазақ даласына өткен жүзжылдықтың алғашқы ондығы шамасында келгенін бірінші рет 1967 жылы білдім.
Қазақстан футболы-100
Үстіміздегі жылы қазақ футболының ірге көтергеніне артық-кемі жоқ тура 100 жыл толып отыр. Бұл оқиға ертең, 21 қыркүйек күні республика футболының іргесі қаланған мекен – Семей қаласында атап өтіледі.
Бүгінде Жер шарында теңдесі жоқ саналатын осынау ғаламат ойынның Қазақстан топырағындағы ғасырлық ғұмырында да еске алып, жадыны жаңғыртатын жайлары аз емес. Мен өз басым футбол деген сиқырлы ойынның қазақ даласына өткен жүзжылдықтың алғашқы ондығы шамасында келгенін бірінші рет 1967 жылы білдім.Сол жылдың көктемінде футболдың үлкен білгірі Шора Сарыбаев ағамыздың құрастыруымен қазақ тіліндегі тұңғыш әрі әлі күнге дейінгі дара сөздік – «Футбол календары» жинағы жарыққа шықты. Міне, осы кітапшада 1913 жылы Семей жерінде «Жарыс» («Ярыш») атты ең алғашқы футбол командасының құрылғаны, сол ұжымның құрамында кейін қазақ халқының даңқын дүние жүзіне танытатын аса көрнекті жазушы Мұхтар Әуезовтің ойнағаны біршама суреттеліп жазылды. Алғашқы команданың құрамында даңқты Мұхаңнан бөлек, Ахметсәлім Кәрімов, Қасымхан Мұхаммедов, Салах Хисамутдинов, Зиятдин Рыспаев, Мұхаммед Сайдашев, Юнус Нигматуллин, Әміржан Сыздықов, Ғабдулхан Ғаббасов, Мұхамедулла Құрманов, Ғұсман Ямбушев, Сабыржан Ахметшин секілді оғландар ойнапты. Бәрінің жасы сол кезде тура 16-да екен. Жасыратыны жоқ, бұлардың төртеуі ғана қазақ баласы болыпты да, қалғандарын татар малайлары құрапты.
Бір жақсысы, бұл кезде «Ярыш» Семейдегі жалғыз футбол командасы болмаған. Қалада одан басқа «Олимп», «Ласточка» және «Орлята» деп аталған ұжымдар да тіршілік етіпті. Бұлардың сапында орыс-казак ұландары ойнаған. Осы төрттіктің өзара бәсекелерінде көбіне-көп «Ярыштың» мерейі үстем шығып жүрген. Команда жаттықтырушысы әрі капитаны Юнус Нигматуллин ойыншыларды доп меңгеру шеберлігіне баулумен бірге, әрдайым мазмұнды ойын өрнегін көрсетулерін талап етіп отырған. Бізге дейін толық мәліметі жетпегенімен, жасақ сапы жоғарыда келтірілген ойыншылардан да көп болған сияқты. Сондықтан да бапкер жаттығу кезінде команданы үнемі екіге бөліп, бір-біріне қарама-қарсы ойнатып тұрған. Ал ойыншылардың бірөңкей спорттық киімдерін Гафа Баязитова деген тігінші әйел тігіп берген. Осының өзі команда ойынына айрықша мән берілгенін байқатады.
Семейлік футбол тарихын зерттеуші Евгений Юдиннің ойынша, «Ярыш» Қазақстан командалары арасынан халықаралық кездесуді де бірінші өткізген ұжым болғанға ұқсайды. Қазақ-татар жастарынан жасақталған ұжым сол жылдары Семейде тұрған бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарынан құралған командамен бірнеше рет жолдастық кездесу өткізген көрінеді. Футбол зерттеушісінің жазуынша, соғыс тұтқындары арасында 1912 жылғы Олимпиялық ойындарға қатысқан екі ойыншы да болыпты! «Ярыш» осы сияқты барлық матчтарын революцияға дейін әрбір күз сайын атақты Семей жәрмеңкесі қанат жайып тұрған орталық алаңда өткізген. «Ярыштық» қырандар мұнымен де шектелмеген. Ертіс жағасындағы қалада қарсылас шақ келтірмеген олар ара-тұра орыстың Барнаул, Томск, Омбы, Новосібір шаһарларына сапар шегіп, жергілікті командалармен жолдастық кездесу өткізіп қайтуды дәстүрге айналдырған.
Биыл ғасырлық мерзімге иек артып отырған Қазақстан футболының бастау алар тұсы сол замандарда-ақ одан әрі тарамдалып, сан соқпаққа сүрлеу салып ала жөнеледі. Арада тағы екі жыл өткенде, 1915 жылы оның келесі өркені Ертістің жағасындағы тағы бір қала – Павлодарда көгеріп шықты. Мұнда құрылған «Ястреб» және «Звездочка» деп аталған ұжымдар ертелі-кеш өзді-өзі қырқысқанды қойып, сосын оқта-текте Семейге қарай шолғын жасап тұруды дағдыға айналдырды. Бұдан қалды, әлсін-әлі Ресей губернияларының қатар қоны