• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Мамыр, 2020

Қостанай облысы: Шекарада миллионнан астам маска тәркіленді

239 рет
көрсетілді

Бүгін Қостанай облысының «Қайрақ» шекаралық бақылау бекетінде аса ірі көлемдегі медициналық масканы жасырын түрде заңсыз Ресейге алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды.

Алматыдан Мәскеуге тауар алып бара жатқан жүк көлігін тексеру барысында шекарашылар 1 миллионнан астам маска тапқан. Жасырын жүктің сыртқы қорабына «Халық тұтынатын тауарлар» деген белгі соғылыпты. Мемлекетке келген зиян көлемі - 118 млн теңге. Заңсыз тауар тәркіленіп, экономикалық бақылау басқармасына жіберілетін болады.

Осыдан 1 апта бұрын дәл осы шекара бекетінде  11500 бетперде тәркіленген болатын.

 

Қостанай облысы