• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Мамыр, 2020

Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы қанша

1308 рет
көрсетілді

2020 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 199 206 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 118,2%, ал нақты жалақы индексі 111,5% құрды. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу– 444,0 мың теңге  (орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде - 371,1 мың теңге (1,9 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 338,7 мың теңге (1,7 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 305,4 мың теңге (1,5 есеге асты), көлік және жинақтау саласында– 245,8 мың теңге (1,2 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленді – 105,1 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 47,2% %-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 346,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 141,7 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 28,9%-ға төмен.