• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Қыркүйек, 2013

Есілге балық шабақтары жіберілді

368 рет
көрсетілді

Таяуда Қоршаған ортаны қор­ғау министрі Нұрлан Қаппаров С.Сей­фул­лин атындағы Қазақ агро­тех­­ни­ка­лық университетінің сту­денттері­мен бірге Есіл өзеніне Майбалық балық тәлімбағында өсіріл­ген 20 мың шабақ жіберу акциясына қатысты.

Бұл шара ТМД елдерінде эколо­гиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылы шеңберінде өткізілді.

Биылғы жылы балық ресурс­тарын және басқа да су жануарларын сақтау және ұдайы өндіру жө­нін­дегі бюджеттік бағдарлама аясында Ақмола облысының негізгі су көз­деріне – Нұра және Есіл өзендеріне, Вячеслав су қоймасына Майбалық балық тәлімбағында өсірілген тұқы (карп) балығының 41 млн. шабағы жіберілді.

Еліміздің су көздерін балықтандыру жұмыстарын Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің балық шаруашылығы комитетіне қарасты ұдайы өндіріс жүйесінің 7 кәсіпорны жүргізіп келеді.

Биыл балықтың бекіре, сиг, тұқы тұқымдас, сондай-ақ, дөңмаңдай және ақ амур сынды өсімдікпен қоректенетін құнды су көздерін балықтандыруға берілген мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемі 158 миллионнан астам дананы құрады.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар