• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Қыркүйек, 2013

Кәсіпкерге қызмет көрсету орталығы ашылды

443 рет
көрсетілді

Қостанайлық кәсіпкерлер енді керекті кеңестер мен құжаттары үшін мекеме жағалап жүгірмейтін болды. Қостанай қаласындағы бизнес орталығында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Онда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан бастап кәсіпкер жұмысына қатысы бар, барлық мекемелер өкілдері болады. Олар келушілерді мемлекеттік көмек бағдарламалары туралы ақпараттармен, құжаттармен қамтамасыз етеді. Кеңесшілер мен менеджерлер бизнеске байланысты түйінді мәселенің шешімін табуына кеңес-көмегін аямайды.

– Кәсіпкерлікке байланысты барлық ақпараттар мен құжаттар «бір терезе» ұстанымымен жасалған осы орталықтан табылады. Кәсіпкерлер уақытын үнемдеу үшін осы орталыққа барлық мемлекеттік органдар, консалтингтік компаниялар, екінші дәрежелі банктер, қаржы институттары орналастырылды. Бизнеске ниет еткен кісі орталық менеджерлерінен бизнесті қалай бастаудан оны қалай сауатты жүргізу керектігіне дейін кеңес алуына болады, – дейді облыс әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев.

Бұл кәсіпкерлерге көмек беретін республикадағы сегізінші орталық болып саналады. Мұнда кәсіпкерлерді белгілі күндері Қостанай облысы бойынша салық депар­таменті және қалалық салық басқармасы өкілдері де қабылдайтын болады.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы оларды қолдаудың үш сатылы құрылымының соңғысы болып табылады. Осы құрылымға мұнымен қоса кәсіпкерлікті қолдаудың мобильдік және моноқалалардағы кәсіпкерлерді қолдау орталықтары кіреді. Жаңа ашылып отырған орталық кәсіпкерлерді бизнес ісін сауатты жүргізуге үйретумен де айналысады. «Даму» қорындағы «бизнес-кеңесші» бағдарламасы жұмыс істегелі 41 мың адам бизнес ісі жөнінде тегін оқыды. Экономиканың сан-саласындағы бизнес негіздерінен білім беретін семинарларға қатысқандар біліктілігін арттырады. Орталықта кәсіпкерлер бухгалтерлік, заңгерлік, маркетингтік қызметтерді де пайдалана алады.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».       

ҚОСТАНАЙ.

Соңғы жаңалықтар