Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты эпидемиология және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері, адам денсаулығына қатысты өзекті мәселелерді шешудің стратегиялары мен ғылыми тәсілдері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алаңында өткен қазақстандық ғалымдардың кездесуінде талқыланған болатын.
Осы орайда Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясы, Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби Денсаулық институты, Қарағанды медицина университеті, сондай-ақ С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің сарапшылары өз пікірлерін ортаға салды.
Өз кезегінде Гарвардтың Т. Х. Чан атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің докторлық дәрежесіне ие болған бірден-бір қазақстандық түлек, СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиев кездесу қатысушыларына денсаулық сақтау тақырыбын пандемияның және қоғамдық ден қоюдың әлеуметтік аспектісімен байланыстыра отырып, пікірлерін ортаға салды. Өз сөзінде Қуаныш Ерғалиев карантиннен кейінгі кезеңнің негізгі аспектілеріне тоқталды. Спикер Гарвард университетінің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғалымдар мен сарапшылардың кеңестеріне негізделген бірқатар құнды ұсыныстарды келтіріп, маңызды аспектілерді атап өтті: Эпидемиологиялық аспект. Әр түрлі гаджеттер, ғаламтор және әлеуметтік желілер арқылы адамдарды қадағалап, мониторинг жүйесін пайдалануға болады. Сарапшы атап өткендей, карантин режимін бір мезгілде жеңілдету бойынша шешім қабылдауға басты назар аудару керек, өйткені ел өңірлерінде эпидемиологиядық жағдай әртүрлі; денсаулық сақтау жүйесінің науқасты тестілеу, емдеу және медициналық қызметкерлердің бар-жоғын қамтитын медициналық аспект; әлеуметтік кернеумен, жұмыссыздықпен байланысты экономикалық аспект. Қуаныш Ерғалиев сонымен қатар ШОБ басшыларына ұсыныстар ретінде сарапшы Гарвард профессоры Джозеф Элланның 5 стратегиясын келтірді: мүмкіндігінше қашықтық режимде жұмыс істеу қажет, жұмысқа кәсіпорындардың тіршілік әрекеті үшін қажетті негізгі еңбеккерлерді ғана тарту қажет; инженерлік бақылау, ауаны оңтайландыру, желдету, тазарту және сүзу бөлігіне назар аудару; әкімшілік бақылау, жылжымалы кестелерді, ауысымды жұмыстарды енгізу және қызметкерлерді бөліп отырғызу мүмкіндігі бар кәсіпорындарда қызметкерлердің жиналуын азайту, бесінші стратегия – жеке қорғану және гигиена құралдарын (бетперде, қолғаптар, температураны өлшеу және антисептик) пайдалану.
СДУ ректоры төртінші аспекті қоғаммен байланыстырды: Пандемия мен дағдарыс жаңа шындық пен әлеуметтік нормаларды қалыптастыруға алып келді. Халықтың медициналық сауаттылығын арттыру, медициналық қызметкерлерді оқыту және алдын алудың қарапайым шараларын сақтау. Осы аспектілерді іске асыруға Денсаулық сақтау министрлігі, атап айтқанда, әлеуметтік маркетинг құралдары, ғаламтор және әлеуметтік желілер арқылы адамдардың өзара қарым-қатынасының жаңа әлеуметтік және қауіпсіз нормаларын жасауға белсенді қатысуы тиіс деп санаймын. Біз барлығымыз өзара байланысып, басқа елдегі адамдар қабылдайтын шешімдер біздің жұмысымыздың нәтижелеріне айтарлықтай әсер ететінін түсініміз қажет, - деген пікір білдірді Қуаныш Ерғалиев.
Қорыта келе, спикер жұртшылықты жұмылдыра отырып, пәнаралық тәсілді қолдану, тиімді коммуникацияны құрудың маңыздылығы, халықтың сенімінің төмен болуы жағдайында орын алып жатқан жағдайлар туралы халықты ашық және барынша сенімді ақпараттандыра отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу, деректерді талдау және оларды басқару шешімдерін қабылдау үшін қолдану және жаһанданудың эпидемияға әсерін сезіну туралы атап өтті.