Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа
технологиялар министрі Әсет Исекешев Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті. Тараптар екі елдің ынтымақтастығы бойынша көптеген мәселелерді сөз етті.
Дәлірек айтқанда, екі мемлекеттің өнеркәсіптік кооперациясын тереңдету мәселесі қозғалды. Бұдан басқа, тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады.
Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа
технологиялар министрі Әсет Исекешев Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті. Тараптар екі елдің ынтымақтастығы бойынша көптеген мәселелерді сөз етті.
Дәлірек айтқанда, екі мемлекеттің өнеркәсіптік кооперациясын тереңдету мәселесі қозғалды. Бұдан басқа, тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады.Ол бойынша республикалық Индустрияландыру картасына кіретін 2 жобаның құрылысы 2013 жылдың 4 тоқсанында басталмақ. Олардың біріншісі – Индустрияландыру картасына енгізілген, ШҚО-да толық циклды автомобиль зауытын салу бойынша «АвтоВАЗ» ААҚ, «Азия Авто» АҚ және «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-тың бірлескен жобасы. Уағдаластықтарға сәйкес, 2014 жылға қарай Өскемендегі жаңа зауыттың алаңында жылына 60 мың бірлікке дейінгі (бірінші кезеңде) көлемде автокөліктерді және автокөлік бөлшектерін дәнекерлеу, бояу, жинау бойынша қуаттар құрылмақ.
Екіншісі – бұл «ЕвроХим» компаниясының Жамбыл облысындағы минералды тыңайтқыштар өндірісі. Осы жобаны жүзеге асыру жылына шамамен 1 млн. тонна минералды тыңайтқыштарды шығаруға мүмкіндік береді.
«ЕвроХим» МХК» ААҚ бас директоры Дмитрий Стрежневтің ақпараты бойынша, компания жақын арада кәсіпорын құрылысына кіріспек.
«Егемен-ақпарат».