• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Мамыр, 2020

Атырау: Көлік қозғалысына рұқсат беретін сайт ашылды

680 рет
көрсетілді

Атырауда да карантин мерзімі 11 мамырға дейін ұзартылды. Соған орай көлік қозғалысы шектелген еді.

Енді  көлік қозғалысына рұқсат беретін арнайы сайт ашылды. Бірақ, рұқсат көлігі бар тұлғалардың бәріне бірдей берілмейді.  Бұл қызметке облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысымен жұмыс істеуге рұқсат етілген кәсіпкерлер мен кәсіпорын басшылары ғана жүгіне алады.

Ал жеке  тұлғалар көлігін аталған сайтта ресімдей алмайды. Өйткені, бұл жүйе бейінді департаменттердің электрондық базаларымен, сондай-ақ, «Сергек» деректер базасымен жасақталып отыр. Демек, сайтта мемлекеттік кіріс, статистика және басқа да департаменттердің базаларындағы деректермен салыстырылып, рұқсат беру туралы шешім автоматты түрде қабылданады. Содан кейін  мәліметтер  полиция департаментінің базасына енгізіледі.

Жоба жасақтаушыларының айтуынша, портал ашықтық пен адам факторын  азайту үшін әзірленген.