Бүгін, 1 мамыр күні Қарағанды облысында коронавирустан жазылған төрт адам стационарлардан шығарылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Олардың екеуі Қарағанды қаласының 1953 және 1976 жылдары туған тұрғындары. Қалған екеуі Теміртауда тұратын 10 жастағы қыз бала мен 1989 жылғы әйел.
Пациенттер толық емдеу курсынан өтті және ПТР-талдау екі мәрте теріс нәтиже көрсеткеннен кейін, олар екі аптаға созылатын үй карантиніне шығарылды.
Қарағанды облысында COVID-19 індетінен жазылып шыққандардың жалпы саны 67 адамға жетті.
Қарағанды облысы