2020 жылғы 1 мамырда Алматыға «Джека Ма» және «Alibaba Group» қорларының гуманитарлық көмегінің екінші легі жеткізіліп, ол тест жүйесі (50 016 дана) және өкпені жасанды желдету аппараттарынан (30 мың дана) құралды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Гуманитарлық жүкті медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор – «СҚ-ФАРМАЦИЯ» ЖШС қабылдап алды.ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Үкіметінің атынан «Джека Ма» және «Alibaba Group» қорларына COVID-19 індетімен күрестегі маңызды көмегі үшін алғыс білдіреді. Осыған дейін 2020 жылдың 10 сәуірінде белгілі қытайлық кәсіпкер біздің елімізге 4,5 тоннадан астам медициналық қорғау құралдарын (медициналық маскалар, қорғаныс костюмдері, медициналық қолғаптар, байланыссыз термометрлер) жолдаған болатын.