• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Мамыр, 2020

Ішкі істер және экология вице-министрлері Мақтааралға аттанды

307 рет
көрсетілді

Түркістан облысында екі ауылды су басуына байланысты техногенді төтенше жағдай режимі жарияланды. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар комитетінде шұғыл штаб жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметіне сәйкес шұғыл штабқа комитет басшысы Владимир Беккер төрағалық етеді.

- Жағдайды бақылауда ұстау үшін оқиға орнына Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин  Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов және Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі аттанды. Апаттық құтқару жұмыстарына Түркістан облысынан 267 құтқарушы және 26 техника тартылған. Сондай-ақ Шымкенттен 300 әскери және 28 техника барды. Ұзынағаш елдімекеніндегі Ұлттық ұланнан 460 әскери дайын тұр, - делінген хабарламада.