Жезқазған қаласының 19 жастағы тұрғынының COVID-19 індетін жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Науқас Ресейде оқитын студент болса керек, үйіне келген бетінде бірден провизорлық госпитальға жатқызылған екен. Қазір ол жұқпалы аурулар стационарына ауыстырылды.
Бүгінгі қолдағы бар мәліметке сүйенсек, Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 152 оқиғасы тіркеліпті. Оның ішінде бір науқас көз жұмды және 67 адам аурудан жазылып шыққан.