Жұрт әдетте полиция қызметкерлерін қоғамдық тәртіпті бұзғандарды құрықтап, хаттама толтыратын сақшы ретінде қабылдайды.
Алайда, олардың да қайырымдылық іске ұйытқы болатынын ескермейді. Кеше Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері балаларға сыйлық жасады.
«Полиция қызметкерлері қаланың «Авангард», «Тұрғын үй қалашығы», «Нұрсая» ықшам аудандарындағы көпқабатты үйлердің аулаларында балаларға арнайы сыйлық жасауды ұйғарды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға, азаматтардың денсаулығы үшін қауіпті тәуекелдерді азайтуға шақырды. Карантинді сақтаудың маңызын түсіндірді» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұдан соң полицейлер балаларға «Біз біргеміз» деген жазуы бар түрлі шарлар мен ойыншықтарды табыстады.