• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 02 Мамыр, 2020

COVID-19: Жетісуда 145 адам жұқпалы індетке шалдықты

295 рет
көрсетілді

Осы сәтке дейінгі мәлімет бойынша Алматы облысында коронавирус белгісі анықталғандар саны 145 адамға жетті. Ал оңалған науқас – 14.

Бүгіндікке 3 адамнан вирус шықты. Індет белгісі табылған бір науқас Іле ауданы, Қарой ауылының тұрғыны екен. Екінші адам – 30 сәуір күні «Атырау-Алматы» әуе рейсімен ұшып келген жолаушылардың бірі. «Теңіз» кенішіндегі вахталық жұмыстан оралған оның сырқаты профилактикалық тексеру барысында белгілі болған. Онымен бірге бортта 79 жолаушы, 9 экипаж мүшесі болған. Жақын байланыста болғандар – 9, потенциалды байланыста болғандар саны – 71 адам. Жақын байланыста болғандар Қарасай аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды, ал потенциалды байланыста болғандар үй карантинінде медициналық мамандардың бақылауына алынды.

Ал үшінші науқас – Қапшағай қаласы Заречный кентінің 1962 жылы туған тұрғыны. Ол Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Онымен  байланыста болған 100 адам тексеріліп, барлығының вирусологиялық тексеруі теріс нəтиже көрсетті.