• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Мамыр, 2020

Мақтаарал ауданы: Өргебас елдімекенін су басты

649 рет
көрсетілді

Мақтаарал ауданында енді Өргебас елдімекенін су басты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін таңғы 05.00-тен бастап 250 үйі суға батқан Фердоуси ауылы бағытынан Жаңажол ауылдық округінің Өргебас елдімекеніне қарай су келе бастады. Екі ауылдың ара қашықтығы - 3 шақырым. Таңғы 8.00-де су Өргебас елді мекенінің 194 үйін басып қалды. Ауылдың 1451 тұрғыны эвакуацияланды. Көшіру барысында зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.