• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Мамыр, 2020

Атырау: Жазасын өтеушілер қорғаныш киімін тігеді

211 рет
көрсетілді

Полиция қызметкерлері төтенше жағдай кезіндегі күшейтілген карантин талабының сақталуын қадағалау үшін ауысыммен кезекшілік атқаруда. Олардың арасында қауіпті індетті жұқтырғандары да бар. Енді Атыраудағы түзету мекемелерінде полиция қызметкерлері үшін қорғаныш киімін тігуді қолға алды.  

Жазасын өтеушілер 500-ден астам арнайы киім тігуді көздеп отыр.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мұнда бұған дейін құқық қорғау қызметкерлеріне 40 мыңнан астам медициналық  бетпердесін тігілді.

–«Еңбек-Атырау» филиалының түзету мекемелеріндегі тігін цехтарында бетперде тігуге тартылған жазасын өтеушілерге еңбекақысына қосымша екі рет ақшалай сыйақы берілді, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, министрліктің тапсырмасына сәйкес, айыпталушылармен, сотталғандармен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істейтін тексеру тобының 70-ке жуық бақылаушысы мен медицина бөлімінің қызметкері бір айлық жалақы көлемінде сыйақы алыпты.