• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: Коронавирустан екінші науқас көз жұмды

207 рет
көрсетілді

Бүгін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған бір науқас қайтыс болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Марқұмның жасы 62-де, Шкхтинск қаласының тұрғыны. Ол 5 сәуір күні өкпенің қабынуы диагнозымен провизорлық госпитальға түскен екен. Ал 14 сәуірде COVID-19 індеті және екі жақты пневмония диагнозымен ауыр халде Нұр-Сұлтан қаласының ауруханасына ауыстырылған.

Пациент 19 тәулік бойы ем алыпты. Дәрігерлер науқастың өмірін арашалап қалу үшін қолдан келген әрекеттің бәрін жасағанына қарамастан, 3 мамыр күні ол қайтыс болды.

Жалпы, Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 154 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде індеттен екі адам қайтыс болды және 68 пациент емделіп шықты.