• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Мамыр, 2020

Төтенше жағдай: Белсенді қызмет еткен полицейлер марапатталды

523 рет
көрсетілді

1-Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысы Полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент басшысы полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев төтенше жағдай кезеңінде құқық тәртібін қамтамасыз етуде белсенділік танытқаны үшін полиция және әскери қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады.

Әлемде коронавирустық инфекция бойынша эпидемиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Қазақстан Республикасында алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды қабылдау қажеттілігіне орай облыс аумағына енгізілген карантин кезінде халықтың тыныштығын, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен полицей қатары аз емес.

Мерекеге орай Ақтау қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ишберген Мақсат, Ақтау қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны Насиров Ермек, Ақтау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны Джалгасбаев Мақсат, Ақтау қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы полиция аға лейтенанты С.Ноғаев,  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің №75488 әскери бөлімінің взвод командирі лейтенант Б.Нурымбетов, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің №75488 әскери бөлімінің бөлімше командирі сержант Е.Тайымбетов, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің №75488 әскери бөлімінің қойма бастығы кіші сержант Т. Тасмаганбетов сынды тәртіп сақшыларын марапаттады.

Жанарбек Төлеубекұлы ел үшін қиын кезеңде ІІО қызметкерлері өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, ерекше режимде жұмыс істейтінін еске салды.

-Бүгін сіздерді марапаттай отырып, төтенше жағдай кезінде көрсеткен қайсарлығыңызды, батырлықтарыңызды атап өткім келеді. Өзінің қызметтік және азаматтық борышын адал орындаған барлық қызметкерлер алғыс пен марапаттауға лайық,  деді ведомство басшысы.