Бүгін, мамырдың 3-і күні Қарағанды облысында коронавируспен ауырған бес адам жазылып шықты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Үй карантиніне жіберілгендердің төртеуі Қарағанды қаласының 1969, 1991, 1992 және 2013 жылдары туған тұрғындары. Бір пациент – Шахтинск қаласының 1948 жылғы тұрғыны.
Пациенттер толық емдеу курсынан өтті жәнеПТР-талдаудың нәтижелері теріс болған соң, олар екі аптаға созылатын үй карантиніне шығарылды.
Бүгінгі күнде Қарағанды облысында COVІD-19індетінен сауығып кеткендердің жалпы саны 73 адамға жетті.