• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Қыркүйек, 2013

Мазут дегені бензин болып шықты

488 рет
көрсетілді

«Ауыл авто» шекаралық бақылау отрядына қарасты «Семей» өткізу бекетінің шекарашылары прокуратура қызметкерлерімен бірлесе отырып, үлкен көлемдегі бензинді анықтады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Соңғы уақыттары, кейбір азаматтардың мазут атын жамылып бензин өткізуге тырысатындығы жасырын емес. Осы жолы да көршілес елдің азаматы осы әдісті қолданып көрмек болды. Бірақ, 1978 жылы туған Ресей Федерациясының Алексей есімді азаматы бұл қулығын мемлекеттік шекара сақшыларынан асыра алмады, тіркемесі бар «DAF» автомобиліндегі 40 тоннадан астам бензин әшкере болды.

Соңғы жаңалықтар