• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Мамыр, 2020

Елордада масаларға қарсы дезинсекциялық жұмыстар жалғасып жатыр

229 рет
көрсетілді

Елордада күн сайын масалар мен басқа да жәндіктерге қарсы дезинсекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыс екі ауысымда атқарылып жатыр. Биыл масалардан аумақты өңдеу жоспары 20%-ке, су қоймаларын өңдеу 25%-ке артты. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Аумақты өңдеу роторлы бүріккіштермен де, машиналармен де жүргізіледі. Барлық аудандарды қамтып жатырмыз. Бірінші кезекте су қоймалары, жертөле жайлары өңделді. Қала ішін өңдеуге кірістік. Жұмыстар күн сайын жүргізіледі», - деп атап өтті мамандар.

Су қоймаларын, қаланың кварталішілік аумақтарын және жалпы қолданыстағы аумақтарды (көшелер, саябақтар, скверлер) өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді. Масалармен күрес тиімді болуы үшін тұрғын үйлердің жертөлелерін, мектеп пен балабақша аумақтарын, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын, базарларды, сауда үйлерін және т.б. зарарсыздандыру маңызды.